Белгілі айтыскер ақын мәжіліс депутаты болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім 3 наурызда Саяси кеңес бюросының қаулысы бойынша қабылданды.

Тиісті шешім орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

"Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға", - деп жазды Оралов.

Ол сондай Аманжол Әлтайдың ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейтініне сенім білдірді.


Аманжол Әлтай – айтыскер ақын. Қарағанды облысында туған, 50 жаста. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.