Белгілі айтыскер ақын Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды

Бұл туралы аталған ведомствоның facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Бекарыс Шойбеков 1976 жылы Отырар ауданында туған, Қожа Ахмет Иасауи атындағы қазақ-түрік университетін қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі мамандығы бойынша 1997 жылы тәмамдаған. Осы университеттің магистратурасын (1999), аспирантурасын (2002) бітірген.

1988 жылдан облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып келеді. Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықаралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Ташкент және Түркістан қалаларында өткен Түркістанның 1500 жылдығына арналған халықаралық айтыстардың, Республикалық «Ұлытау үні» фестивалінің, 2004 жылы өткен Республикалық Наурыз айтысының, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстың бас жүлдегері.

«Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің иегері, Отырар ауданының құрметті азаматы, ОҚО-ның 2004 жылғы ең үздік ақыны. Дүниежүзілік жас түрік жазушылары одағының Қазақстандағы өкілі. "Нұр Отан" партиясының саяси мүшесі.


Әр жылдары қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, Түркістан қалалық дарынды балаларға арналаған "Өнер" мектебінің директоры. Қ.А. Йасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы. 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шымкент қаласындағы облыстық "Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр" орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарып келген.