"Қойылымның көрермендермен байланыс орнатып, арадағы шекараны бұзатын иммерсивті спектакль екенін жарияладық. Бұл оқиғадан соң "Груз 300" қойылымына келетін көрермендермен арнайы келісімшартқа қол қоятын боламыз. Қойылым кезінде тағы бір көрерменге шапалақ тиді. Алайда ол еш жерге шағымданған жоқ. Өйткені қайда келгенін жақсы білді", - деді Ненашева.
Шоу ұйымдастырушылары екі қыздан да кешірім сұрады. Оларға билет ақшасы мен ем алуға жұмсалған қаражатты қайтаруды ұсынған.