Белгілі америкалық музыкант атыс кезінде қаза болды

Бұл туралы РБК хабарлады.

Монтгомеридегі барлардың бірінде болған атыс салдарынан 2 адам қаза болып, алтауы жарақат алған.

Атқан адамның қандай мақсат көздегені әзірге белгісіз. Полиция осы іс бойынша ешкімді ұстаған жоқ.

Рэп орындаушысы 22 жастағы Doe B-дің екі баласы бар, сонымен бірге жақын уақытта үшінші сәбиінің дүниеге келуі күтіліп жүр.