Белгілі американдық актер ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынды

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Дик Голливудте серуендеп жүргенде сонда жүрген адамның алқасын ұрлап алған. Полиция комикті велосипедпен серуендеп жүрген кезінде ұстаған. Бұған дейін, 2011 жылы Дик Калифорнияда мас күйінде көлік жүргізгені үшін полиция қызметкерлерімен ұсталған болатын. 

Энди Дик көпшілікке "Менің көлігім қайда?", "Ескі мектеп" сынды фильмдері бойынша белгілі.