Белгілі әнші әртістерді ақтық сапарға шапалақ ұрып шығарып салудың ерсілігі туралы айтты


Осыдан кейін белгілі әнші Ерлан Рысқали Фейсбуктегі парақшасында бұл жайтқа қатысты өзінің пікірін жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.  

"Тұлғамен қоштасудың қазақы үлгісі жоқ па бізде?! Табытқа салып сахна төріне қою, жанына кезекпен күзетке тұру, венок қойып шапалақ ұрып музыкамен әрлеп фоногарммамен жоқтау! Осындай жасандылықтың не қажеті бар?! Әрине біреулер "бұл қайтқан жанға құрмет" деуі бек мүмкін?! Бірақ, бұл менің түсінігімде қайтқан адамды ұлтымен қоса қорлау! Құлдық сана! Құлдық сананың сүйекке сіңгені бұл! Біз қазақ емеспіз бе, мұсылман емеспіз бе!? Біздің өз ата жолымыз, жөн-жоралғымыз жоқ па, не?! Бір кем дүниең осы, ағайын!" дейді Ерлан Рысқали.