Осыншама уақыт дастанды үзбестен жырлау - өнер тарихында өте сирек кездесетін оқиға. Өзінің алпыс жылдығы қарсаңында бірнеше ай бойы әзірленіп, дастанды түгел жаттап алған әнші мұны өз мерейтойында көрермендерге сыйлаған тартуым деп біледі.
Жырды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған Ақ Жайық жұртшылығы тамашалады.
Бүгін «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы ғимараты залында Қ.Бердіғалиевтің шығармашылық кеші өтеді. Оған еліміздің танымал өнер қайраткерлері де қатысады.