Бұл туралы әншінің продюсері Жанна Әбуова әлеуметтік желіде жазды.
Ол Қуандық Рахымның таңдаған жары екеуінің суретін жариялады, деп жазады Caravan.kz порталы.
"Армысыздар, ағайын! Сүйіншііі! Бүгін берекелі күздің мерекелі күні. Қуандық ұлдарыңыз қалыңдығын ұясынан әкетіп жатыр. Бұйырса, екі жас отау құрады. Үбірлі-шүбірлі, үлгілі отбасы болыңдар! Қос ғашыққа тілектеріңіз болса, жаза отырыңыздар", - делінген жазбада.
Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, оларға өзінің жүрекжарды тілектерін білдірген.
Оқырмандар да әншіге бақытты болыңдар деп игі тілектер тіледі. Енді бір көпшілігі қыздың қай өңірден екенін болжап әлек болды.
Loading...