Танымал айтыскер ақын Айбек Қалиев Арқалық қаласының мәслихат депутаты болды», деп хабарлайды Сaravan.kz. Бұл туралы Елдос Тоқтарбай әлеуметтік желіде жазды.
«Қазақ айтады: "Аққа Құдай жақ!", - деп. Міне, елі сүйген, халқы сенген Айбек Киікбайұлы жерлестерінен қолдау тауып, халықтың 72,5 пайыз дауысын жинап, Арқалық қаласы Мәслихатының Депутаты атанып отыр.
Биылғы жылдың наурызында Айбек ағайымыз Арқалық Мәслихатына депутат болу үшін құжаттарын тапсырған еді, бұрынғы қала басшысы ортаға ананы, мынаны салып жүріп, Ақ адал азаматтың алдын бөгенген еді. Енді міне жарық күн туып, әділдік орнап, Арқалыққа жаңа басшы келген шақта, Ұстазымыз халықтың сөзін сөйлеу үшін Мәслихаттың ісіне араласқалы жатыр. Алла жар болсын, Ұстазым!
Сіздің әділдігіңізді, қайраткерлігіңізді білеміз. Ел Сізге сенеді. Арқалықтың болашағы арайланып, абантанып өсуіне қосар үлесіңіз лайым табыстан болғай!»,- деп сүйіншілей жазды Е. Тоқтарбай өз парақшасында.