Белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділованың үйі сатылды


Бұл туралы jasqazaq.kz хабарлайды.

Qazkom банкіне қарызды қайтару үшін сауда-саттыққа шығарылған үй 83,2 млн теңгеге бағаланды. Kapital.kz сайты хабарлағандай, үйдің бастапқы бағасы 109,5 млн теңге болған.
Айта кеткен жөн, банк Қ. Нұрқаділованың үйін қарыздың өтеуі ретінде биылғы тамыз айында Бірыңғай электрондық сауда алаңында сатуға шығарған еді. Ол кезде сауда-саттық жүргізілген жоқ. Алматы қаласындағы Дубок-2 шағынауданында орналасқан бұл үйдің жалпы аумағы 283,8 шаршы метр. Сауда-саттыққа үй маңындағы 0,1366 га жер телімі де шығарылды.