Белгілі футболшы Twitter-дегі әдепсіз жазбалары үшін үш ойыннан шеттетілді


Англия құрамасының бұрынғы ойыншысына сонымен бірге, 25 мың еуро айыппұл салынды. Фердинанд «Манчестер Юнайтед» үшін 2002-2014 жылдар аралығында ойнаған ойындары арқылы танымал. Ол клуб үшін 300-ден астам матч өткізді. Қорғаушы алты рет ел чемпионатын, төрт рет Англияның Суперкубогын, екі рет футбол лигасының кубогын, ал 2008 жылы Чемпиондар лигасын ұтты. Фердинанд еркін агент құқығында КПР-мен бір жылға келісімшартқа қол қойды. Тоғыз турдан кейін команда жеті ұпаймен соңғы орынның алдында тұр.