Белгілі мемлекет қайраткері Орал Мұхамеджанов дүниеден озды

«Кеше ауыр науқастан соң белгілі мемлекеттік саяси қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 3-4-шақырылымдарының төрағасы, Мемлекет басшысының сенімді серіктерінің бірі Орал Мұхамеджанов дүниеден озды. Осыған орай Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Қытай Халық Республикасына ресми сапарын тоқтатты. Біз О. Мұхамеджановтың туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз», - деді бүгін Мәжілістің жалпы отырысында вице-спикер Сергей Дяченко.

Осыған орай Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысы 1 минут үнсіздікпен басталды.