Белгілі қазақстандық хоккейші қайтыс болды


Соңғы төрт маусым бойы Андрей Трощинский Қазақстан чемпионатында ойнаған. Ағымдағы маусымнан бастап павлодарлық «Ертістің» жаттықтырушы құрамына өтті. Өз мансабының тоғыз маусымын «Қазцинк-Торпедо» үшін ойнаған, сондай-ақ әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамаларының қатарында болды. 
Андрей Трощинский - тағы бір танымал қазақстандық хоккейші, қазіргі кезде мәскеулік ЦСКА жүйесінде жұмыс істеп жүрген Алексей Трощинскийдің інісі.