Белгілі ресейлік сайттың бас редакторы Қазақстандағы қаңтар оқиғасын "мәмбеттердің революциясы" деп атады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Медиазона. Центральная Азия" басылымында бұрын жұмыс жасаған Никита Данилин бас редактор бұл ойын әңгіме барысында айтқанын, сөйлескендері сақталғанын айтады.

"Ол редактор үшін барлық қазақтар - мәмбеттер, ал қаңтар оқиғасы - "мәмбеттердің революциясы" екенін айтты. Дәл сол адам "Медиазона. Центральная Азия" басылымында адам құқығы бойынша шешімдер қабылдап отыр", - деді Никита Данилин.

Бұл ресейлік басылым Мәскеуде қаласында орналасқан. Ал мұндай қорлайтын сөз айтқан редакторды сайттың басшылары жұмыстан шығаратын ойлары жоқ.


Қазіргі таңда "Медиазона. Центральная Азия" басылымы Қазақстанда жұмыс жасап тұрған жоқ.