Белгілі шаңғышы Владимир Смирнов спорттың қысқы түрлері бойынша оқытатын Ақтөбедегі спорт мектебінде болды

Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірге келген Владимир Михайлович бірқатар жаңа спорт нысандарын, теннис орталығын, №8 балалар мен жасөспірімдер мектебінің стадионын аралап көрді.

Владимир Смирнов Ақтөбенің спорт базасына жоғары бағасын беріп, республикамыздың батысындағы спорттың қысқы түрлерін дамыту бойынша жемісті әрі жеңісті ынтымақтастық орнатамыз деген сенімін жеткізді.