Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сенатор Қуаныш Сұлтанов осы мәселе жөнінде ҚР Премьер-Министрі Даниал Ахметовқа 1-сәуірдегі палата отырысында жолдаған депутаттық сауалына оң жауап алды.
Онда Н. Жүнісбаевтың отандық спорттың дамуына сіңірген еңбегін ескеру, оның қызметтен босатылуы журналистер арасында қоғамдық пікір туғызғанына сіздің алаңдаушылығыңызды ескеру негізінде, тиісті мемлекеттік органдарға аталған шешімнің заңдылығын қарау тапсырылғаны, нәтижесінде газет құрылтайшысының іс-әрекеті құқық тұрғысынан орынсыз деп танылғаны жазылған деп хабарлады сенаттың БАҚ-пен байланыс бөлімі.