Белгілі жазушы Габриэль Гарсиа Маркес ауруханаға түсті


Британдық Би-би-Си телерадиокорпорациясының хабарлауынша, 87 жастағы Г.Г.Маркес соңғы жылдары өкпе және несеп жолдарының сырқатына шалдыққан.

Кәрілік жеңген Г.Г.Маркес қазір шығармашылықпен айналысуды тоқтатты. Оның атын шығарған «Жүз жылдық жалғыздық» романы әлемнің ондаған тілдеріне аударылған.