Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.
44 жастағы алматылық ер адам Илона Екшембееваның азаматтық некедегі күйеуі болған.
Полицияның айтуынша, олар ішімдік ішкен соң өзара дауласып қалған. Даудың арты жанжалға ұласқан көрінеді. Күдікті еш жерде жұмыс істемейді.
Қазір аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ІІД уақытша оқшаулау камерасына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Күні кеше БАҚ-та 40 жастағы журналист Илона Екшембееваның мүрдесі Алматыдағы үйінен табылғаны туралы ақпарат тараған.Полиция деректеріне сүйенсек, оны пышақтап өлтірген. Журналист «Литер» басылымында, қалалық ІІД баспасөз қызметінде қызмет еткен.