Белгісіз біреулер «Нұр Отан» партиясының филиалы орналасқан ғимараттың терезесін шағып кетті


Осакаров аудандық прокуратурасының хабарлауынша, сынған әйнектің дыбысын естіген күзетші дереу сыртқа жүгіріп шыққан. Қашып бара жатқан екі жігітті байқап қалыпты. Алайда, оларды қолға түсіру мүмкін болмаған. Қазір полицейлер бұзақыларды іздестіріп жатыр.