Лаура Өтегенова үйінің тұңғышы. Жеткіншек 9 күн бұрын ауруханаға тоқтаусыз құсудан кейін жеткізіліпті. Бастапқыда тек ішінің бүріп ауырғанына шағымданған екен. «Барлығы клизмадан кейін басталды» - дейді ата-анасы. Осыдан кейін 3-ші сынып оқушысы комаға түскен.
Әлима Ескендірова, Лаураның әжесі:
-Аяғымен басып, өзі сөйлеп келген балам еді. Бөйтеді деп ойлаған жоқпын. Дөктірлер кінәлі. Халыққа айтам "сенбеңдер" деп дөктірлерге.
Ғалинұр Дәрібаева, Лаураның анасы:
-Басында диагноз таппай қойған. Енді келіп бізге айтады ол қыз суицид жасағысы келген. Көп мөлшерде ұйықтатын дәріішкен, ал бізде ондай дәрі өмірі болмаған.
Содан бері өз аяғымен келіп, төсек тартып қалған бүлдіршіннің бөлмесін жақындары кезекпен торуылдап жүр. Қолқанат болып қалған қыздарының сауығып кетуін тілеп. Бүгін де сол үмітімен ата-анасы тағы жетті.
Лаураның диагнозын білмейінше кетпесін түсінді ме, көп ұзамай дәрігерлер де шықты. Сөздеріне жүгінсек, сараптама қыздың қан құрамында ұйықтататын дәрінің мөлшері көп болғанын көрсетіпті. Яки, ауруханаға түспес бұрын анасы өздігімен үйінде тұмаудан емдеген немесе өз-өзіне қол салмақ болған деп отыр.
Арман Тойбеков, «Алматы аймақтық балалар ауруханасы» МКК дәрігері:
-Айтуына қарағанда өздері белгісіз дәрілер берген үйде. Үйінде не болғанын айта алмағаннан кейін біз де нақты кесіп «бала мынадан уланды» деп айта алмаймыз.
Ал бір аптадан аса мардымды алған жауабымыз осы деген ата-анасы прокуратура мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына шағымын дайындап жатыр. Дәрігерлер өз жұмыстарына салғырт қарады деп.