Бельгия Батыс Еуропа елдері арасында көлеңкелі экономика көлемі жағынан көш бастап тұр

Morgen басылымының хабарлауынша, бұл соңғы 10 жылдағы көрсеткіштердің ең төмені. Дегенмен, Бельгия көлеңкелі экономика көлемі жағынан Батыс Еуропа елдері арасында көш бастап тұр.

2008 жылы «көлеңкелі» экономика Бельгия ІЖӨ-нің 17,5%-ына, 2009 жылы 17,8%-на жетсе, 2012 жылы 16,8% дейін төмендеген.
Салыстырып көрер болсақ, Германияда «көлеңкелі» экономика деңгейі 13%, Францияда 9,9%, Ұлыбританияда 9,7%, Нидерландта 9,1%.