Бельгия соты мұсылман қызына 10 мың еуро өндіріп беруге қаулы шығарды

Өткен жылдың ақпан айында сауда фирмасы Исламды қабылдап, шариғат талабына сай киінгені үшін бельгиялық 21 жастағы Джузи Фанденбусты жұмыстан шығарған болатын.

Шариғат талабына сай киініп, 2 ай ғана жұмыс істеген қызды фирма басшылары клиенттердің арыз-шағымын желеу етіп, жұмыстан қуған көрінеді.

Алайда, Джузи өз құқығын қорғап, сотта жеңіп шықты. Бельгиялық қазылар алқасы оған фирмадан 10 мың еуроны құрайтын алты айлық еңбекақы мөлшерінде өтемақы өндіріп беруге шешім шығарды.