Бельгияда ядролық сынақтардың құрбандарына арналған Қазақстанның ескерткіші ашылады

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, аталған ескерткіш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге жасаған ресми іс-сапары барысында Қазақстан халқының атынан Бельгия Республикасына ресми түрде тапсырылған болатын. Ескерткіш Еуропаның атақты мұражайларының бірі - Бельгиядағы «Фландрия даласы» кешенінде орнатылады.

Салтанаты іс-шараға Қазақстан мен Бельгияның парламентшілері, зиялы қауым өкілдері қатысады.