Бельгияда бейсенбіде мәскеулік сағат 16-30-да бір минут үнсіздік жария етілді, ондағы мақсат, Брюссельде 22-наурыз күні терактіден қаза болғандарды еске алу.
Бұл туралы 23 наурыз күні өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысының нәтижелері бойынша дайындалған үкіметтің коммюникесінде айтылған.
Бұл терактілерден 31 адам қаза болған және 300-ге жуық адам жарақат алған. Жалпы алғанда 40 ұлттың өкілі зардап шеккен.