Бельгиядағы Қазақстан елшісі еліміздің Еуропалық Одақ пен Солтүстік Аталантикалық Альянстағы өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқаратын болды

Елшіні тағайындау туралы жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

К.Жигалов 1959-жылы Семейде туған. 1981-жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді. Әр жылдарда президенттің көмекшісі, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары, ал 1996-2000-жылдар аралығында Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің кеңесші-елшісі, 2000-жылдың қараша айынан бері Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметтерін атқарды. Ал соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды.