Бельгиялық Фландрия тұрғындарының 90% вакцина алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі кезде вакцинация науқаны аяқталуға жақын. Көптеген ересек адамдарға жақын күндері вакцинаның екінші компоненті салынады, жасөспірімдер де жаппай вакцина алуда», - деп мәлімдеді Риа Ванденрейт елдің Денсаулық сақтау жөніндегі агенттігінің атынан.

- Біз қазіргі кезде негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз: 12-15 жастағы балаларға вакцина салуды жалғастырамыз, бірінші доза салынбаған адамдар мен вакцинаның екінші компонентінің уақытын жіберіп алған азаматтармен жұмыс, деді денсаулық сақтау органының төрағасы.

Осылайша, Фландрия халқының ересек бөлігінің 90% вакцинаның бірінші дозасын алған. Валлонияда бұл көрсеткіш – 79%. Ал ел астанасы Брюссельде халықтың 60%-ы вакцина салдыртқан.


Бельгиялық мамандардың ойынша, Брюссель қаласындағы вакциналау көрсеткішін көтеру үшін этникалық қауымдастықтары аралайтын мобильді вакциналау топтарын құру қажет. Аталмыш қауымдастықтарды COVID-19-дан қорғану бойынша кампания әлсіз қамтыған.