«Арман» белгиялық Қазақстан халқы қауымдастығының төрайымы Айнұр Қасенова атап өткендей, Наурыз - осы уақытқа дейін өзінің дәстүрлі жоралғылары мен нышандарын сақтап қалған ежелгі мерекелердің бірегейі. «Іс-шараның басты мақсаты - ортақ дәстүр біріктірген халықтарды бір арнаға тоғыстыру, осы арқылы олардың өз салты мен дәстүріне жақын болуын, Қазақстандағы өз отандастарымен бір рухта, ынтымақта болуына қолдау көрсету», - деді ол.
А.Қасенованың айтуынша, мейрамға Бельгияда тұрып жатқан барлық дерлік түркітілдес халықтардың өкілдері - қазақтар, қырғыздар, өзбектер, татарлар, түріктер, әзірбайжандар мен ұйғырлар келді.