А. Лукашенко, Байқоңыр ғарыш айлағынан белорус алғашқы жасанды "БелКа" жер серігінің ұшырылуын бақылайды. Федералды ғарыш орталығы хабарлағандай, А. Лукашенко әуелі қаламен танысып, ұшыру алаңын көреді, содан кейін, Байқоңырдың монтажды-сынақ корпусындағы ұшыру дайындықтарын тамашалайды.
Байқоңыр ғарыш айлағына бір топ белорус журналистері де келді.
Осыған дейін хабарланғандай, орбитаға бірден бірнеше ғарыш аппаратын алып шығатын "Днепр" зымыран-тасығышы мен "БелКа" жер серігі 28 шілде күні ұшырылуы тиіс еді. Алайда, зымыран-тасығыштың жарамсыздығына байланысты және оны жөндеуге қатысты ұшыру бір айға шегерілген болатын. "Днепрді" ұшыру уақыты 27 шілде күні 1 сағат 43 минутта белгіленген (Мәскеу уақыты бойынша 26 шілде күні 23 сағат 43минутта).
Сондай-ақ, ғарышқа ресей университетінің "Бауманец", италяндық "UniSat-4" жер серіктері және P-Pod контейнерлеріне салынған "CubSat" жеті ғарыш аппараты да бірге ұшырылады.
"БелКа" аппаратын Белорусия Ұлттық ғылым академиясының тапсырысы бойынша, "Виктория" әмбебап ғарыш платформасы базасында ресейлік "Энергия" зымырандық-ғарыш корпорациясы жасап шығарған. Жер серігі геодезиялық, картографиялық және метеорологиялық жұмыстарын жүргізеді.