Белоуссия мен Қазақстан Ресейдің әлсіз тұсын пайдалануда: Ресейлік басылымдар Қазақстан туралы не жазуда?

Омбыдағы мифтік қант үшін қазақстандық 235 мың рублей төледі

Бұл туралы "Комсомольская правда" басылымы жазады.

Көтерме бағада қантты сатып алу үшін қазақстандық азамат Астанадан Омбыға арнайы келген. Ол банкомат арқылы қант сататын адамға ақшаны салып жіберген көрінеді.

Арзан бағаға қантты көбірек сатып алмақ болған азамат арзанға қант сатылады деген сайтқа кіріп, алданып қалған.

Белгісіз сатушы азаматқа Ресейге келіп, ақшасын төлесең бірден аласың деп алдаған. Қазақстандық азамат арнайы Астандан Омбыға келіп, банкомат арқылы 235 мың рублей салып жіберген.

Дегенмен қазақстандық қантты да, ақшаны да қайтарып ала алмаған.

Осыдан кейін қазақстандық алданғаны түсініп, полицияға арызданған. Олар «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алаяқтар іздестіріліп жатыр.

Соңғы уақытта Ресейде қанттың көтерме бағалары 50% -ға дейін өсіп кеткен.

9 қазақстандық Ресейге заңсыз кірген

Омбы полициясының қызметкерлері Омбы-Черлак автожолында тоғыз шетелдік азаматты ұстады, олар Ресей Федерациясында болу режимін бұзды, деп хабарлады РФ ІІМ-нің Омбы облысы бойынша баспасөз қызметі.

Бұл туралы Gtrk-omsk.ru басылымы жазады.

Ұсталған шетелдіктер Шымкенттен Новосибирскке баратын автобуста болған. Барлығы Ресейге заңсыз келген. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ресей Федерациясының Әкімшілік кодексінің 18.8-бабына сәйкес «Шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның Ресей Федерациясына кіру немесе Ресей Федерациясында болу тәртібі туралы ережені бұзуы».

«Омбы облысының Черк аудандық соты Ресей Федерациясына заңсыз келген адамдар ұсталды», - делінген хабарламада.

Белоуссия мен Қазақстан Ресейдің әлсіз тұсын пайдалануда

Біз контейнерлік жүктерді тартуды үйренбегенше, Ресей бюджеті құлдырап ал көрші елдер байи түседі.

Бұл туралы Regnum.ru сайты жазады.

Мәскеуде Достастыққа мүше-мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңестің 69-шы отырысы аясында АО "Қазақстан Темiр Жолы" басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев Белоруссия теміржолының басшысы Владимир Морозовпен кездесті. Кездесу барысында олар жүк тасымалдарының өсуін атап өтті және екі елдің жүк жөнелтушілерімен кездесу өткізуге келісті.

Қазақстан мен Белоруссия темір жолдарының екі жетекшісінің осындай кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Соңғы бірнеше жылда жүк тасымалы көлемін ұлғайту және Қазақстан мен Беларусь арасындағы тығыз ынтымақтастық туралы айтылды. Трафик шынымен өсіп келеді. Бірақ шындық мынада, бұл тауар айналымының негізгі бөлігі Қазақстандағы транзитпен немесе өңделетін қытай контейнерлік жүк болып табылады. Қазақстаннан тікелей тауардың үлесі маңызды емес, сондықтан қазақстандық-белоруссиялық жүк айналымы туралы әңгіме айту мүлде дұрыс емес.

Ресей билігі Балтық елдерінен (мұнай, мұнай өнімдері, көмір және т.б.) шикізат тауарларын қайта бағдарлаумен стратегиялық мәселе шешті, бірақ контейнерлік жүктердің жоғары маржиналдық ағыны өз порттарына берілмеді. Контейнерлік жүк, әдетте, кеденде, логистикаға және өңдеу жылдамдығына өте тәуелді жүк болып табылады. Бұл қызметтерді қамтамасыз ету және жүк иелері үшін қолайлы жағдайлар жасау кезінде Ресей Балтық елдерінен біраз жеңіледі, сондықтан бюджетке түсетін миллиардтардан айрылады. Белоруссиялық және қазақстандық теміржолшылардың Ресейдегі порттарды айналып өтуімен бірлесіп жұмыс істеу туралы шешімі контейнерлік жүктердің жоғалуы туралы айтып тұрғаны белгілі.