Еліміздің белсенді азаматтары Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы су тасқынынан зардап шеккен қандастарымызға көмек көрсету үшін банк және Qiwi есеп-шоттарын ашқан болатын. Ол Аятжан Ахметжанның атында деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Ахметжан бүгінге дейін еліміздің азаматтары жинаған қаржының есебін жариялады:
...банк: 1 430 647 теңге.
Qiwi: 156 112 теңге.
Қолға: 160 000 теңге.
Даниядағы қандастар: 1000 доллар
Ирландиялық қандастар: 600 доллар
Германиядан қандастар: 100 еуро
Жалпы: 2 314 759 теңге.
Сондай-ақ, Аятжан Ахметжан бүгін оның шотына ақша аударудың соңғы күні екенін айтты. «Алла қаласа, сәрсенбінің сәтінде
Amangeldi Kurmetuly, Orazbek Absattarov және мен үшеуміз жол тартамыз» депті ол.