Бендиден әлем чемпионатында Қазақстан Финдерге 3:4 есебімен жеңіліп қалды

Бендиден Қазанда өтіп жатқан әлем чемпионатының ақтық ойынында Қазақстан Финляндияға 3:4 есебімен жеңіліп қалды, деп спорт журналистері одағынан хабарлайды. Гол салғандар: Рюткенен 11 (0:1), Аарни 15 (0:2), Хилтунен 31 (0:3), Бронников 38 (1:3), Завидовский 42 (2:3), Лаакконен 49 (2:4), Бедарев 89 (3:4) Жеңіліс тапқанына қарамай Қазақстан хоккейшілері жартылай финалға шығып, онда тағы финдермен кездеседі. Ол ойын 29-шы қаңтарда өтеді. Сол күні жартылай финалдық екінші ойында Ресей мен Швеция командалары кездеседі. Финалдық және үшінші орын үшін ойын 30-шы қаңтарда өтеді.