Бендиден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Швециядан жеңіліп қалды

Еске сала кетейік, біздің команда бұл турнирде алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін жерлестеріміз 7:2 есебімен Норвегия мен АҚШ құрамаларын жеңген болатын.

Сәрсенбі күні қазақстандықтар үшінші турдың матчында ресейліктермен ойнайды, соңғылары финдерден 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан – Швеция матчында швед ойыншыларының құрамынан 4-ші және 17-ші минуттарда Моссберг, 10-шы және 65-ші минуттарда Карлссон, 13-ші және 75-ші минуттарда Эдлунд, 40-шы минуттарда Эсплунд гол соқты. Қазақстандықтардан доп соққандар Горчакова (68-ші минут) және Бронникова (84).