Бензема «Реалдан», Жеррард «Ливерпульдан» кетуі мүмкін


Жеррардтың клубпен келісім шарты биыл аяқталады.

Еске сала кетейік, клуб Жеррардтың жалақысын азайтпақшы. Мұны гранд командалар пайдаланып қалуға тырысады. Қазірдің өзінде Миланның «Интер» клубы Жеррардқа қызығушылық танытқанын білдірді.

Ал, Мадридтік «Реал» франциялық шабуылшы Кәрім Бенземаның трансфері бойынша келген ұсыныстарды қарап жатыр, деп жазады Daily Express.

26 жасар футболшы Англияның «Арсенал», «Ливерпуль» және «Манчестер Юнайтед» клубтарына қызығады. Мадридтік клуб француз шабуылшысын 40 млн. еуродан төмен бағаға сатпақ емес.

Айта кетейік, Бензема Испания чемпионатының биылғы маусымында 11 кездесу өткізіп, 8 гол соқты.