Бұл біздің энергетикалық қауыпсіздігімізге ауыр соққы болуда дейді қаржы сарапшысы. Caravan.kz медиа порталы толық тарқатады.
Ауыр соққының себебін сарапшы былай түсіндіреді. Мемлекет мәжбүрлегендіктен мұнай өңдеу зауыттары бензин мен дизельді тиімсіз бағамен босатып, ішкі нарықтан шығын шегіп жатса, арадағы көрші елдің делдалдары заңсыз пайдаға кенелуде. Оларды шекарада тексеру, басқа да шаралар өзінің тиімділігін көрсете алмады. Сондықтан Энергетика министрлігі нарықты либеризациялау және жанармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартқысы келіп отыр.
2024 жылдың он айында автобензин қоры 453 – тен 295 мың тоннаға дейін, дизель отыны 554-тен 279 мың тоннаға дейін төмендеді. Бұл ретте бензинді айлық тұтыну шамамен 425 мың тоннаны, дизель отынын тұтыну - 467 мың тоннаны құрайды. 2024 жылдың қарашасында Үкімет Ресеймен мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу туралы келісімді қайта бастауға мәжбүр болды.
Сонымен қатар, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) өндірістің өсуін көрсетуде: 2024 жылдың 11 айында бензин өндірісі 2,1% – ға артып, 4,88 млн тоннаға, дизель отыны 4,3% - ға артып, 4,9 млн тоннаны құрады. Алайда, бұл көлемнің өзі контрабанда ауқымын есептегенде жеткіліксіз болып шығады.
Заңсыз отын шығарудың негізгі себебі - бағаның айтарлықтай айырмашылығы. 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда бір литр АИ-92 бензинінің құны 205 теңге, Ресейде – 282 теңге, Қырғызстанда – 381 теңге, Өзбекстанда – 493 теңге болды. Дизель бағасы Қазақстанда 295 теңге, көрші елдерде 350-550 теңге.
Бағаны көршілермен теңестіру контрабанданы экономикалық тұрғыдан тиімсіз етпек. Демек Өзбекстанға жеткізілім маржаның төмендеуіне байланысты азаяды. Ал Қырғызстан «сұр» импорттың тұтынушысы болып қала берсе де, басқа бағыттардағы заңсыз ағындардың азаюы құқық қорғау органдарына шекараның осы бөлігінде күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді.
"Осылайша, жанармай нарығын тұрақтандыру немесе либелиризациялау отын контрабандасына қарсы күрестің ең тиімді механизмі болып отыр. Ішкі бағаның көтерілетіні түсінікті. Бірақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін ұмытпау керекпіз", - деді Айбар Олжаев.