Бензин нарығын реттей алмаған вице-министр қызметінен босатылды

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Үкімет басшысы вице-министрлерді қызметке тағайындау және босату өз құзіретіне жататындығын атап өте келе, өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмаған ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босататындығын айтты.