Тараздық жүргізушілер тапшылықтан әбден мезі болған. Барлығы қаладағы жанармай құю бекеттерін жағалап жүр. Ал Астанада АИ-92 үш-төрт күннен бері талонмен ғана беріліп жатыр. Бас қаладағы жағдай ушығып кетпеуі үшін «Қазмұнайгаз» мәселені тез шешті. Бекеттерде ұзын-сонар кезек болмағанымен, ең өтімді жанармайдың жетіспеушілігі сезіледі. Ал бірнеше айдан бері жүргізушілердің жүйкесін жұқартқан тапшылыққа Үкімет аса қиналып отырмаған секілді. Энергетика министрі Владимир Школьник осы тығырықтан шығу үшін бензинді үнемдеуге шақырған болатын. Тіпті жанармайды көп жейтін Джиптен түсіп автобусқа отыруды сұраған. Ал «Қазмұнайгаз» Ресейден тонналап келетін АИ-92 жеткенше, шыдай тұруды өтініп отыр.
Нұрмат Байбеков, жүргізуші:
-Жекеменшік жанармай құю бекеттері тапшылықты пайдаланып ақша істеп отыр. Бензиндердің сапасы нашар. Көлігім соның кесірінен бірнеше рет бұзылып қалды.