Бердібек Сапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды (толықтырылған нұсқа)



"Үкімет басшысы ретінде мен Гүлжан Қарағұсованың барлық оң бастамалары одан әрі жалғасын табады деп сенемін",- деді К.Мәсімов министрліктің жаңа басшысын таныстыру барысында.

Бұған қоса ол бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың жұмысына оң баға берді. "Ол осы жылдарда мемлекет басшысы берген тапсырмаларды үлкен абыроймен атқарып шықты",- деді премьер.

Б.Сапарбаев бұған дейін экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі болған.