Бердібек Сапарбаев өзін "қытайларға жер сатты" деп айыптаған адамды сотқа бермекші

Бұл туралы облыс әкімі бүгін 2016 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлім етті.

- Біздің заң бойынша жер шетелділіктерге сатыла алмайды. Ақпаратты жоққа шығару үшін Үржар ауданы әкімінен ресми жауапты күттім. Мұны жоққа шығарған хатты алдық. Мен ШҚО әкімі болғанымда шетелдіктерге 1 га жер де сатылмады. Бұл жігітті бұрын көрген емеспін. Өзгелерге сабақ болуы үшін оны сотқа беремін, - деп атап өтті әкім.

Үржар ауданы әкімінің жауабына сәйкес, аталған жер - 87 мың гектар жер осы ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге - «Даремет» ЖШС директоры С.Хванға (шамамен 30 мың га), «Ырғын» ЖШС директоры А.Ізімғалиевке, (8,7 мың га), «Манфагат» ЖШС директоры Н.Тасмұратовқа (48,9 мың га) берілген.