Бердібек Сапарбаев Құрбан айт мерекесі күні Ақтөбедегі үш мешітке барды

«Біздің ертеңгі күніміз жарқын болсын! Әрқашанда еліміз  аман, жұртымыз тыныш,  бірлігіміз берік болсын!» - деді әкім айт намазына жиналған қауымға.

Айт намазы аяқталған соң мешіттің ішкі ауласында құрбан шалу рәсімі болды. Аймақ басшысының атынан да құрбандық малы шалынды.

Сондай-ақ мешіттің сыртындағы алаңда мереке ұйымдастырылды, ұлттық ойындар ойнатылып, әртістер өнер көрсетті.

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі басқа екі мешітте де болды: Орталық қалалық мешіт пен «Нұрдәулет» орталық мешітінде жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.


«Құрбан айт мерекесінде ниет-тілектеріңіз қабыл болып, үй іштеріңізге береке мен бірлік алып келсін!» - деді әкім құттықтауында.