"Беретін шығар": СҚО әкімі көп алдында үй кілтін табыстаған Еслямоваға баспанасын әлі бермеген


Бұл жөнінде актриса Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында айтты.

2018 жылдың мамыр айында киноактриса, 71-ші Канн фестиваліндегі «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы Самал Еслямоваға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов  үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстағанын бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Салтанатты жиынға актрисаның ата-анасы, ұстаздары, туған туыстары мен Петропавл қаласындағы мәдениет орындарының басшылығы шақырылған еді. Арада бір жарым жылдан артық уақыт өтсе де, шенеуніктің уәде еткен баспанасы Самалға әлі берілмеген.