Березовка ауылында тағы бірнеше оқушы есінен танып қалды

Өткен жолғыдай сабақ үстінде оқушылардың басы айналыпты. Бірінің қан қысымы түсіп кетсе, екіншілері оның көтеріліп кеткендігіне шағымданған. Кейбірінің денесі тырысып, ес-түсін білмей қалыпты. Сондықтан оқушыларды Бөрілі ауданынының орталық ауруханаға жеткізу жайлы шешім қабылданды.  Березовка ауылындағы жұрттың жаппай талып қалуы қараша айында тіркелген. Жергілікті тұрғындар Қашаған кен орнынан шыққан зиянды заттардың ауаға таралуы мүмкін деген. Бірақ ол болжам ресми түрде расталмады. Ал шенеуніктер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруден бас тартып отыр. 

Loading...