онда өткен жылы қараша айында адамдар жаппай уланған еді. "Естен танып қалу жағдайлары әлі де орын алып отыр. Әсіресе, өткен жылы 28-қараша күні зардап шеккен 25 баланың жағдайы мәз емес. Ол топтағы 11 бала ұдайы науқастанып қала береді. Ата-аналары не істерін білмей отыр. Жағдай күрделі”, деді сейсенбіде Алматыда баспасөз мәслихатында Crude Accountability үкіметтік емес халықаралық құқық қорғау ұйымының кеңесшісі Сергей Соляник.
Сонымен қатар ол атап өткендей, дәрігерлердің нақты диагноз қоймақ әрекеттерінен нәтиже болған жоқ.
"Жергілікті әкімшілік балалардың бір бөлігін Оралға және Алматы маңындағы балалар республикалық ауруханасына жіберген, әр түрлі зерттеулер жүргізілген, бірақ нақты диагноз қойылмады”, деді ол.
Оның айтуынша, село тұрғындары бұл ауруды Қарашығанақ кен орнының қызметіне байланысты деп санайды және өздерін экологиялық таза орынға көшіруді талап етіп отыр.
Өткен жылы қараша айында онда 1,5 мыңнан аса адам белгісіз газдан жаппай уланған еді.
Облыстық прокуратура оның алдында Қарашығанақ кен орнынан күкіртті сутегінің тасталғандығын анықтады. Березовка ауылында балалардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.