Березовкада адамдардың естен тануына енді экологтар айыпталуда

-Онымен біз айналыспаймыз. Онымен мына «Қазгидромет «айналысады.

Бұл ақталып тұрған азамат – Батыс Қазақстан облыстық экология департаменті басышысының орынбасары Ерлан Сапаров. Басшысы Қабижан Қапанов екеуін табиғатты қорғау прокуратурасы 2011 жылдан бері Березовка ауылының ахуалын біле тұра ешқандай шара қолданбаған деп айыптап отыр. Сондай-ақ, ауа бақылау станцияларының биіктігі халықаралық талаптарға сай еместігі анықталды. Ол 4 метрден әлдеқайда төмен болуы тиіс. Ал экология департаментінің басшылары станцияларды метеорологтар орнататынын айтып ақталуда. Бірақ мұндай жауапқа қанағаттанбаған Тәртіптік кеңес мүшелері екі басшыны жұмыстан босату жөніндегі мәселе көтерді. Нақты шешім алдағы күндерде жарияланбақ. Ал бүгін Березовка ауылында тағы 6 адам естерінен танды. Тұрғындар бұны «Қарашығанақ» кен орнынан тараған улы газбен байланыстырып отыр.        

Loading...