Қорғаушы облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің қызметіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот тартысы басталған күннен-ақ сот құрамына наразылық білдірген болатын.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісінің хабарлауынша, төраға Гүлмира Дәулетова жетекшілік еткен судьялар оның өтінішін қанағаттандырмау туралы шешім қабылдады.
Қазір сот процесінде үзіліс жарияланды.
Аталған іс материалдарына күдікті ретінде қылмыстық топтың 22 мүшесі енгізілген. Қазір оның 11-і қамауда, 9-ы үй қамағында отыр. Екеуі ешқайда шықпау туралы қолхат берген. Процеске мемлекеттік айыптаушы мен 21 адвокат қатысады.
Б.Рысқалиев пен оның ағасы Аманжан Рысқалиға және олардың 9 сыбайласына халықаралық іздеу жарияланған.
Қаржы полициясының мәліметінше, Атырау облысының экс басшысы жетекшілік еткен қылмыстық топ мемлекетке 71 млрд теңге шығын келтірген. Бүгінде оның 23,6 миллиарды мемлекетке қайтарылды.