Бергей Рысқалиевтің бұрынғы жүргізуішісі ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп күдіктелуде

Тергеу нұсқасы бойынша, «Жанкеев Атырау облысының әкімі Б. Рысқалиевпен жақын қарым-қатынастарын пайдаланып, мемлекеттік қаражатты жымқыруға бағытталған қылмыстық әрекет жүргізген». Бұл «Атырау» волейбол командасындағы ақша ұрлау фактілеріне қатысты болып отыр.

Бұл мәліметтер бюджеттік қаражатты жымқыру фактілері бойынша «Атырау» волейбол командасының басшыларына қарсы сот процесі барысында белгілі болды.

Сотталушылар арасында «Атырау» облыстық волейбол командасы» МКК директоры Жеңісбек Мұханбетжанов, бас бапкер Александр Запевалов және есепші Светлана Харкина бар. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 253 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталуда.

Тергеудің атап өтуінше, олар Б.Жанкеевтің қысым көрсетуімен «Атырау» волейбол командасына Қазақстанның басқа қалалары мен шетелге шығуына бөлінген қаржыны талан-таражға салған.


Берік Жанкеев іздеуге жарияланды.