Оның бір мысалы ретінде «СнабОйлСтрой» ЖШС келтірілді, оның басшысы Айбат Сүлейменовке мемлекетаралық іздеу жарияланған.
«1С бухгалтерия» мәліметтері бойынша 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде «СнабОйлСтрой» ЖШС кассасынан «Гарант Ойл» ЖШС-ның - 770 000 000 теңге, «Самал-2007» ЖШС-ның - 173 200 000 теңге, «Смарт Строй НСК» ЖШС-ның - 172 900 000 теңге, «Орбита-1020» ЖШС-ның - 89 000 000 теңге, «Регион» ЖШС-ның - 759 000 000 теңге, «Гурон Плюс» ЖШС-ның - 834 000 000 теңге, «Көкше Азимут-2030» ЖШС-ның - 101 400 000 теңге, «Рим-Строй» ЖШС-ның - 344 000 000 теңге, «Магнат-Петропавл» ЖШС-ның - 931 000 000 теңге ақша қаражаттары қолма-қол берілген. Алайда бухгалтерлік құжаттарда аталған соманың шығын-кассалық ордерлері болмай шықты», - деп хабарлады сотта мемлекеттік айыптаушы.
Еске сала кетейік, экс-әкім Б.Рысқалиевтің командасы мемлекетке 70 млрд. теңгеден астам залал келтіруге айыпталуда. Сотталушы орындығында әкімнің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов пен Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керимов бастаған 22 адам отыр.