Бергей Рысқалиевтің сыбайласы ұсталды

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Павличенко мен оның жақын досы, Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы Рүстем Әлбақасов 2008-ші жылдан бастап Атырау облысындағы әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген аса қомақты қаржыны қолды қылған. Екеуі ұрланған қаржыны заңдастыру үшін жалған фирмалар құрыпты. Ол үшін сауаты аз, жағдайы нашар отбасылардан шыққан адамдарды тауып, солардың аттарына жалған мекемелерді тіркеген. Қазір Павличенко сияқты, экс-әкімнің тағы 22 сыбайласы сот алдында жауап беріп жатыр.


Заңғар Заңқанов, Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары:

-Павличенко Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығына жалған фирмалар тіркеумен және ұрланған бюджет қаражатын қолма қол ақшаға алмастырумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне жауапты болған. Қазіргі кезде Павличенконы Қазақстан Республикасына экстрадициялау бойынша іс-шаралар дайындалуда.