"Бергілері де келмеді": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің бірінші некедегі балалары мұраға таласқанын ашып айтты

Ол мұра балаларға бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тележүргізуші ол жайлы Жетінші арнадағы "Сырласу" бағдарламасында айтты.

"Біздің жағдайда ондай болған жоқ. Алты айдан кейін мұраны бөлу процесі жүзеге асады. Біздің жағдайда бес мұрагер, ұлы, қызы, менің екі ұлым және заңды әйелі мен. Сонда қандай дүние болмасын мұрагерлікте ол алтыға бөлінеді. Сұрақ, екі үлкен ұл мен қыз екі кішкентай бауырларына мұрадан бас тартып, берді ме? Жоқ, берген жоқ. Бергілері де келмеді. Оның себебін мен түсінемін. Себебі, олар да Қайрекеңнің балалары. Бір қызығы, қандай да бір дүние-мүлік ештеңе қалған жоқ. Не болса да, біз отбасы болып тұрғанда алынған дүниенің барлығы, осы балаларға бөлінеді", - деп түсіндірді тележүргізуші.