Берік Уәли Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды

Берік Уәли Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ол "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны хабарланды. 


Айта кетейік, Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметін 2019 жылғы 22 наурыздан бастап атқарды.