Берік Уәлиді әйгілі футболшы Каканың құттықтағаны қаншалықты рас?

Бұл туралы әлеуметтік желіде қызу талқылануда деп, жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Берік Уәли 2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. 

Ал жақында Берік Уәли "Хабар" агенттігінің Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында танымал футболшының өзін құттықтады деп видео жариялады. 

"Кака замандасым құттықтап, маған арнайы сәлем жолдапты. Ортақ таныс-достар арқылы.
Рақмет саған Кака.Кездескенше пока!), деп жазды.

Ал видеодағы Каканың сөздерін былай деп аударып салды. «Сәлем, Баке! Мен Рикарду Кака! Саған құттықтап сәлем жолдаймын! Сенде бәрі жақсы деп ойлаймын. Сені Жаратушы қолдасын! Барлық жақсылықты тілеймін!»

Дегегнмен әлеуметтік желіде көпшілік арасында түрлі пікірталас туындады.
Фейсбукте Сәбит Рысбаев
есімді азамат бұл құттықтауды ақылы деп күмәндады.  

"Берік Уәли жездемді Кака құттықтапты. Жездем оны парақшасы мен сторизіне қойыпты. Екеуі қоян қолтық дос болып араласты деп ойламаймын. Мысалы Чак Норрис 300 долларға, Кардашьян 2500 долларға құттықтайды. Кака да онша қымбат тұрмаса керек. Пысы: жездеме ағылшыншасын дұрыстап аударса болады ғой. Видеода сені жаратушы қолдасын деген бір сөз жоқ. Пысы2. Понтты қазақтар ойлап тапты деген рас ау. Пысы3. Жезде баннан шығарсаңыз өзім дұрыстап аударып берер едім ғой", деп жазды.